Қазақстанда тыйым салынған «Ата жолымен» елді «емдеген» әйел ұсталды
Қазақстанда тыйым салынған «Ата жолымен» елді «емдеген» әйел ұсталды
©А.Ахметқазы
339
оқылды

Полиция департаментінің мәліметінше, Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іс-шара барысында тыйым салынған «Ата жолы» культтік-мистикалық ағымның әдісі бойынша «емшілікпен» айналысып, адамдардың денсаулығына қауіп төндірген Қызылжар ауданы тұрғынын ұстады.

Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 489-бабы 10-бөлігі «Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзу, сондай-ақ, заңда белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру» бойынша хаттама толтырылды.

«Жалпы жыл басынан облыста ҚР діни заңнамасын бұзудың 16 дерегі тіркелді. Оның ішінде, интернетте діни материалдарды жариялау жиі кездеседі. Мұнымен күресу үшін басқарма қызметкерлері профилактикалық жұмыс жүргізеді. Білім беру мекемелерінің оқушыларымен, ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесу кезінде заңнама талаптары, экстремистік ағымдардың тарапынан болатын қаупі туралы айтылады. Тұрғындардан заңнама талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз», – дейді СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығы Руслан Жарасбаев.

Бұған дейін емшіге сеніп, жансақтау бөліміне түскен бала туралы жазған болатынбыз.