Теміртауда 26 жастағы тұрғын танысының атынан 25 кредит алған
Теміртауда 26 жастағы тұрғын танысының атынан 25 кредит алған
Фото: m.severpost.ru
187
оқылды

Полицияға Теміртаудың 22 жастағы тұрғыны арызданды. Оның айтуынша, танысы сеніміне кіріп, оның жеке мәліметтерін білген. Алаяқ жеке мәліметтерді кредит рәсімдеу үшін қолданған.

«Алаяқ жеті банктен 3,5 миллион теңге және микроқаржы ұйымдарынан 731 мың теңгеге 18 несие рәсімдеп алған. Жалпы 4,2 миллион теңге залал келтірген. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді полицейлер.

Полицейлер 26 жастағы алаяқты ұстады. Ол кінәсін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.