23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Фото: news.myseldon.com
232
оқылды

Соның әсерінен жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысының таулы аудандарында найзағай жарқылдайды.

Солтүстігінде аздаған жауын-шашын болады. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жел күшейіп, батысында және оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады. Солтүстік, солтүстік-батыс және оңтүстік-батысында тұман түседі. Маңғыстау облысының батысында және орталығында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең жағалауда тұман күтіледі, күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл болады, жел екпіні – 15-20 м/с. Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында күн күркірейді. Жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысының солтүстік-батысында және орталығында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады. Атырау облысының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында шаңды дауыл соғады. Өңірдің басым бөлігінде желдің күші 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-батысында, күндіз Ақтөбе облысының оңтүстігінде және батысында жел жылдамдығы 15-20 м/с болады. Павлодар облысының солтүстігінде және батысында, түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. Түнде Алматы, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Түркістан, Қызылорда, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.