«25 қыркүйектен бастап Қосшы қаласы тұрғындарының өтініші бойынша «Лесная поляна» елді мекені – Назарбаев университеті» бағытындағы №323 қала маңына қатынайтын жаңа маршрут іске қосылады» делінген хабарламада.
Маршруттың қозғалысы «ЭКО-Маркет «Минимаркеті» аялдамасынан басталады. Ары қарай Қарқаралы тасжолы – Қабанбай батыр даңғылының бойымен жүреді. Соңғы аялдама – «Назарбаев университеті».
Жаңа бағыттағы автобустар аптаның барлық күні қатынайды. Бұл Қосшы қаласы тұрғындарының астанаға қатынауына қолайлы болмақ.