“Күйеуіңді қайтаруға көмектесемін, жолыңды ашамын”: Алматыда көріпкел әйел ұсталды
“Күйеуіңді қайтаруға көмектесемін, жолыңды ашамын”: Алматыда көріпкел әйел ұсталды
© polisia.kz
406
оқылды
Алматыда “күйеуіңді қайтаруға көмектесемін, жолыңды ашамын” деп тұрғындарды алдаған алаяқ көріпкел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жәбірленушілердің саны күн сайын артып келеді. Алданған азаматтар алаяқтық туралы арызбен полицияға жүгінуде. Тәртіп сақшыларының айтуынша, 25 жастағы Ж. есімді әйел әлеуметтік желілерде сәуегейлік, жолды ашу туралы хабарландырулар орналастырған.
– Клиенттер оған мәселелерін де, ақшаларын да сеніп тапсырған. Бір адамнан бірнеше сеанста жасалған “құрбандық шалу” рәсімі үшін “көріпкел” 100 мың теңгеге дейін сыйақы алған. Сенгіш адамдардың ақша төлеп, күте тұрудан басқа амалы қалмады. Бірақ жеке өмірлерінде жақсылық болған жоқ. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Қазір алаяқтықтың 5 фактісі дәлелденді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлімі 4-тармағы бойынша тергелуде, – деп хабарлады Алатау аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Құмарбек Кеншінбаев.
Полиция бұл адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 393-40-73; 8-775-000-21-81.