Таңғы сағат 10.30-да жедел жәрдем бригадасымен 11 бала жеткізілді. Оларды дәрігерлер қарап шығып, хлордан уланған деген диагноз қойды. Осыдан кейін детоксикация терапиясы басталды. Қазіргі уақытта балалар өздерін жақсы сезінеді, жағдайлары орташа, – деді бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Алуа Жексенова.Бас дәрігер орынбасарының айтуынша, балалар токсикология бөлімінде жатыр. Олар бір-екі күн ішінде үйге шығарылуы мүмкін.
Бұған дейін Алматыдағы бассейндердің бірінде 11 бала уланып қалғанын хабарлаған болатынбыз.