Түркістаннан 30 адам Павлодарға жолға шықты
Түркістаннан 30 адам Павлодарға жолға шықты
433
оқылды

Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына аттанды. Мақсат – «Еңбек» бағдар­ла­масы аясында көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды алдын ала көріп, ол жақтағы тірші­лікпен танысу. Бұл игі бастаманы «Nur Otan» партиясының Түркістан облысындағы филиалдары және жергілікті жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастырды.

Жеке кәсіпкер, қоғам бел­сен­дісі Жаңабай Ағабеков өз қа­ражаты есебінен автобус ұсынып, тұр­ғындардың барып-қайтуына де­меушілік жасады. Алдымен көшуге ниетті тұр­ғындар Сары­ағаш ауда­нында жиналды. Сары­ағаш ауданы әкі­мінің орынбасары Бақытжан Полатов пен «Nur Otan» партиясы Сарыағаш ау­дандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Құдірет Қыстаубаев жолаушы­ларға сәт-сапар тіледі. Осындай салтанатты іс-шара Сайрам ауданында да жалғасын тапты. Сайрам аудандық мәсли­ха­тының хатшысы Шамхат Халмұ­радов пен «Nur Otan» пар­тиясы Сайрам аудандық филиалы төра­ғасының бірінші орынбасары Алмас Әбдіқадіров «Еңбек» бағ­дар­ламасының маңызына тоқта­лып, тұрғындарға қосымша мағ­лұмат берді. Кәсіпкер Жаңабай Ағабеков солтүстік өңірлерге көш­кен тұрғындарға мемлекеттік қолдау көрсетілетінін, ең бас­тысы, жұмыс істеуге ниетті аза­маттар жұ­мыс­пен қамтылатынын, баспа­налы болуға да мүмкіндік мол екенін жеткізді. Түркістан облысынан жалпы саны 30 тұрғын жолға шықты. Нақ­тырақ айтсақ, Жетісай ауда­нынан – 2, Келес ауданынан – 3, Сайрам ауданынан – 8, Арыс қаласынан – 2, Ордабасы ауда­нынан – 6, Сарыағаш ауданынан – 6, Мақтаарал ауданынан – 1 және Қазығұрт ауданынан 2 азамат Павлодарға аттанды. Олардың жолақысы және жатын орны тегін. Азаматтар ауылдарды аралап, тұр­ғындардың жағ­дайы­мен танысады. Егер ұнаса, кө­шеді. 2021 жылдың басынан бері «Еңбек» бағдарламасы бойынша Түркістан облысынан 412 отбасы, 1 792 адам қоныс аударған. «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаевтың айтуынша, көші-қон бойынша түсіндіру жұмыс­тары жалғасады. Барлық аудан, қалада «Еңбек» бағдарламасын наси­хаттау, түсіндіру бойынша «Ашық есік күндері» ұйым­дас­тырылған.

Әбілмансұр ЖАСАН