Алматыда кітап фестивалі өтеді
Алматыда кітап фестивалі өтеді

Алматыда қала күніне орай «KITAP FEST – 2021» кітап фестивалі өтеді. Фестивальға шамамен 500 адам қатысады.

Алмалы шаһарда  2014 жылдан бері жыл сайын KitapFest кітап фестивалі ұйым­дастырылады. Айтулы іс-шара 7 жыл ішінде республикалық зияткерлік платформаға айналды. Биыл фестиваль 25 қыркүйек күні «Форум» сауда орталығында өтеді. Фестивальді ұйымдас­тырушылардың айтуынша, биыл пандемияға байланысты шектеулі форматта өтеді. Келушілер саны 500-ден аспайды. Кітап фестиваліне қатысқыңыз келсе,  ASHYQ қосымшасында «жасыл» статус болуы міндетті . Одан бөлек, маска режимі сақталады. Фестиваль аясында дәрістер, жазушылармен кездесу, кітап­тардың тұсау­кесерлері мен байқаулар өтеді. Сондай-ақ «KITAP FEST – 2021» аясында спикер­лердің баяндамаларын онлайн трансляциялауға мүм­кіндік бар. Іс-шараның ең қызық кезеңі кітап алмасу десек, соның арқасында сөрені түрлі жанрдағы қызықты кітаптармен то­лық­тырудың бірегей мүм­кін­дігі пайда болады. Жазу шатырына келсек, отандық жазушылар өз кітаптарын ұсынып, сөз сөйлейді.  Кітап жәрмеңкесінде кітап дүкен­дері, баспалар және интернет дүкендер көрмеде  өнім­дерін ұсынады. Оған қоса, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы да бар.

Айбике ЖАНАСЫЛ