Алмаз Шарман коронавирус пандемиясы қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты
Алмаз Шарман коронавирус пандемиясы қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты
© inform.kz
239
оқылды
Профилактикалық медицина академиясының президенті, Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен  брифингте коронавирус пандемиясы қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты.  Оның пікірінше, дельта штамы коронавирустың соңғы агрессивті нұсқасы болуы ықтимал.
"Бұл соңғы агрессивті нұсқа және бұдан кейін пандемия басылуы керек деп болжаймын. Келесі жылы жазға қарай пандемия аяқталып, біз қалыпты өмірге қайта ораламыз деп үміттенемін", - деді Алмаз Шарман.
Алмаз Шарманның айтуынша, қазір ауру жұқтыру көрсеткіші бәсеңдеді. Алайда алдағы уақытта вирустың басқа да нұсқалары пайда болуы мүмкін.
"Бұл вирустың қалыпты эволюциялық процесі. Вирус тіршілігін жалғастыру үшін түрленуге кіріседі. Сан сапаға ауыса бастағанда, жаңа штамдар пайда болуы мүмкін", - деді Алмаз Шарман.