“Орда” ипотекалық бағдарламасы өтінім қабылдауды тоқтатты
“Орда” ипотекалық бағдарламасы өтінім қабылдауды тоқтатты
© gazetavyborg.ru
331
оқылды
"Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясы" АҚ жыл соңына дейін "Орда" ипотекалық бағдарламасы бойынша қарыз беруді тоқтатады.
"2021 жылдың 1 қазанына дейін қарауға келіп түскен өтінімдер Компанияның ішкі құжаттарында көзделген тәртіппен қаралады", − деп жазады компанияның баспасөз қызметі.
“Орда” бағдарламасы жыл сайын жоспарлы қаржыландыру үшін өз  есебінен 13,8 миллиард теңге аударады. 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жоспарлы көрсеткіштер 4,1 миллиард теңгеге асты. Осыған байланысты компания жеке тұлғалардан өтінім қабылдауды тоқтатады. “Орда” ипотекалық несиелендіру бағдарламасы 2018 жылдың қазан айында іске қосылды. 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейін 70 млрд. теңгеден астам сомаға 5 271 өтінім алынған. Оның ішінде 49,4 миллиард теңге сомасына 3 838 өтінім мақұлданған.