Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады
Фото: newtimes.kz
237
оқылды
25-27 қыркүйек күндері еліміздің бірқатар облысында қатты жел соғады, деп хабарлайды Қазгидромет. 25-27 қыркүйекте Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан соғатын желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында күші 15-20 м/с, 27 қыркүйекте түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с жел күтіледі. Тараз қаласында 27 қыркүйекте түнде және таңертең 25 м/с жел күтіледі. 25 қыркүйекте Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде және батысында екпіні 15-20 м/с жел күтіледі. Облыстың батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 25 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. 25 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының шығысында тұман күтіледі. 25 қыркүйекте Түркістан облысының таулы аудандарында және батысында шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 25 қыркүйекте Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с жел күтіледі. Ақтөбе қаласында 25 қыркүйекте соғатын жел екпіні 16 м/с болмақ. 25 қыркүйекте түнде Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарда, тау бөктерінде 1-3 °С үсік сақталады. Талдықорған қаласында 25 қыркүйек күні түнде 1-3 °С үсік күтіледі. 25 қыркүйекте Атырау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде және шығысында жел екпіні 15-20 м/с болмақ.