Нұр-Сұлтандағы Astana Marathon-2021 кезінде бірнеше көше жабылады, – деп хабарлайды елорда әкімдігі сайты.
Елордада 26 қыркүйекте "Astana Marathon-2021" өтеді. Осыған байланысты жүгіру бағыты толық немесе ішінара өтетін көшелер жабылады.
"Astana Marathon-2021" марафонын өткізуге байланысты 26 қыркүйекте сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін жүгіру бағыты бойынша көлік қозғалысы толығымен шектеледі.
Осы уақытта жүгіру бағыты өтетін көшелер толығымен немесе ішінара жабылады. Желаяқтар екі қашықтық бойынша жүгіреді: 10 км және 42,2 км.
10 километр қашықтықта өтетін бағыт: Рысқұлов – Қабанбай батыр – Орынбор – Мәңгілік Ел – Рысқұлов бағыты бойынша өтеді.