Қоғамдық кеңестердің жұмысы күшейтіледі
Қоғамдық кеңестердің жұмысы күшейтіледі
492
оқылды

«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспары бойынша отырыс өтті.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Оның бірі – 2019, 2020 және 2021 жылдың 8 айы бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жем­­қорлыққа қарсы іс-шаралар­дың тиімділігін арттыру. Ал екінші мәселе «Nur Otan» партиясы жа­нындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Рес­пуб­ликалық қоғамдық кеңестің 26 тамыз 2021 жылғы №001-08 қаулы­сының 2.3-тармақшасына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес­тердің жұмысын күшейту және жандандыру тапсырмаларының орындалуы және кеңестер қау­лыларының ұсынымдарының орындалуын талдауға арналды. Күн тәртібіндегі мәселе бо­йын­ша Маңғыстау облыстық Мем­лекеттік сатып алу басқарма­сының басшысы Б.Жандаевтың баяндамасы тыңдалды. Ол «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін республикалық және облыстық дең­гейде әзірленген Жол картала­рында 2021 жылға көзделген іс-шараларды жүзеге асыру үшін, мектептердің физика, химия, биология кабинеттерін жабдықтау бойынша жалпы сомасы 357 млн теңге болатын 21 мектептің кон­курсы өткізілгенін айтты. Олардың ішінде Маңғыстау облысының Мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан жалпы сомасы 357 млн теңге болатын 30 конкурс өткі­зілген. Күн тәртібіндегі екінші мәселе де қаралып, талқыға салынды. Отырыс соңында сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы іс-шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында пікірлер мен ұсыныстар айтылды.

Әбілмансұр ЖАСАН