Берілген уәде орындалуда
Берілген уәде орындалуда
648
оқылды

«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен саяси кеңес бюросының отырысы өтті. Онда «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру үшін бекітілген Жол картасының орындалуы талқыланды. 

Жиында Жол картасын жүзеге асыруда орындалмау қаупі бар тармақтар қаралып, ол бойынша жауапты басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды. Ең ал­дымен, сөз кезегі облыстық Құ­рылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевке берілді. Өз ке­зегінде Әлібек Сайынұлы құрылыс саласы бойынша жүзеге асырылған іс-шаралар мен орындалмау қаупі бар жұмыстар жөнінде баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, Жол картасында белгіленген ша­ра­лардың орындалмау фактор­ла­рына Жобалық-сметалық құ­жаттардың дұрыс дайындалмауы­нан уақытының асып кетуінен немесе мердігерді анықтау үшін тендердің кеш өткізілуі және т.с.с мәселелерін жатқызды. Сондай-ақ облыстық Жолау­шылар көлігі және автомобиль жол­дары басқармасының бас­шысы Бауыржан Айтмағамбетов жол құрылысы бойынша орын­далмау қаупі бар көрсеткіштер бо­йынша баяндама жасап, бағдар­ламада белгіленген шараларға мем­лекет тарапынан қолдау көр­се­тілмесе, іске асырылмай қалу қаупі басым екенін жеткізді. Атқарушы органдардың есебін қоры­тындылай келе, өңірдің ден­саулық сақтау саласы бойынша орындалмау қаупі бар пункттер жөнінде жауапты басқарма бас­шысының міндетін атқарушы Арман Қалыбековке баяндама жасап, бүгінгі күні қаланың эпи­демиологиялық ахуал бойынша деректерді тілге тиек етіп, тұр­ғын­дардың денсаулығын жақсартуға бағытталған тармақтардың жүзеге асырылу барысын айтты. Басқармалардан бөлек, Жол картасының орындалу барысы жөнінде бірқатар аудандардың (Ақжайық, Қазталов, Теректі аудандарының әкімдері мен Тасқала ауданы әкімінің міндетін атқарушы) басшылары да қысқаша баяндама жасады. Атап айтқанда, облыс бойынша орындалған ау­қымды іс-шаралардың шеңберінде облыс орталығында Орал транс­фор­матор зауытында «панельді радиаторларды дайындау» жобасы іске қосылды, сондай-ақ көлемі 5 га жылыжай кешені және жер­гі­лікті «Квант ЖШС» жиһаз фабри­касында қуаттылығы жылына 22 мың бірлік цех ашылды. Теректі ауданында 1 мың ірі қара мал басы арналған бордақылау алаңы са­лынды. Бөрлі ауданында 600 басқа арналған сүт фермасының құры­лысы аяқталды. Сонымен қатар Бөкей ордасы, Теректі және Казталов аудандарында 160 орын­дық денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылып, облыс бойынша 16 спорттық ойын алаңдары пай­да­лануға берілді. Сырым ауданы­ның Қосарал, Жетікөл, Тоғанас, Құспанкөл және Аңқаты, Тасқұдық ауылдары, Бәйтерек ауданының Асан, Октябрь ауылдары ауызсу­мен толығымен қамтылды. 2021 жылы «Нұрлы жер» бағ­дар­ламасы аясында 2 500-дей пә­тер салу көзделген. Осы жылдың соңына дейін 1 439 пәтерді пайда­лануға беру жоспарлануда, қазірдің өзінде 302,035 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бүгінде 232 ауылдық елді мекен орталықтандырылған сумен жаб­дықталған. 26 мыңнан астам тұр­ғыны бар 21 ауылдық елді мекенде күрделі жөндеу және реконструк­циялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір облыс бойынша 10 білім беру нысанының, 2 денсау­лық сақтау нысанының, 2 мә­дениет үйінің, 5 денешынықтыру-сауықтыру кешенінің, Зашаған кентінде балалар мен жасөспірім­дер спорт мектебінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ жыл соңына дейін 786 оқушыны қам­титын 4 мектептің құрылысын аяқтау жоспарға енгізілді. Қазір облыс бойынша 345 мек­тепте балаларды инклюзивті бі­ліммен қамтуды ұлғайту мақсатын­да мамандандырылған кабинеттер ашылды. Атап айтсақ, 4 мыңнан астам балаларға оқу үшін қажетті барлық жағдай жасалған. Студент­тердің оқуы мен тұруы үшін қолай­лы жағдай жасау мақсатында Батыс Қазақстан жоғары меди­циналық колледжінің студентте­рі­не арналған 144 орындық жатақ­хана пайдалануға берілді. Жақын арада Батыс Қазақстан универси­тетінің студенттері үшін 500 орын­дық жатақхана ғимараты пайда­лануға берілмек. 5 жыл ішінде 1 200 жасты жатақханамен қамту үшін: «Орал трансформатор зауыты» АҚ қолдауымен Батыс Қазақстан индустриялық колледжінің сту­денттері үшін 150 орындық жатақ­хана ғимаратын қайта жаңарту, Орал политехникалық колледжінің студенттері үшін 150 орындық жатақхана құрылысын күрделі жөндеуден өткізіп (2 қабаттың қабырғасын көтеру), қайта жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Өңірдегі еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында жыл басынан бері облыс бойынша Орал қаласы мен Бәйтерек, Ақжайық, Сырым, Теректі, Тасқала, Бөрлі ауданда­рында 7 волонтерлік клубтар құ­рыл­ды. 2021 жылдың соңына дейін Жаңақала, Шыңғырлау, Бөкей ордасы, Қаратөбе, Жәнібек, Каз­талов аудандарында тағы 6 ерік­тілер клубын ашу жоспарланып отыр. Бюро отырысында баяндалған тармақтардың орындалуы бойын­ша ұсыныс-пікірлер білдіріліп, сапалы іске асырылуы талқы­ланды. «Nur Otan» партиясы Ба­тыс Қа­зақстан облыстық фи­лиа­лының төрағасы Ғали Есқалиев отырыс соңында облыс­тық және аудандық партия фи­лиалдары мен жауапты басқарма басшыларына Жол кар­тасында көрсетілген индикатор­лардың мерзімінде және сапалы орындау­ды ұйым­дастыруды тап­сырды. Ол сондай-ақ орындалмай қалу қаупі бар 21 іс-шараның жұ­мысын және ны­сандарға бөлінген қаражаттың мақ­сатты жұмсалуын қатаң бақы­лауға алуды жүктеді. Күн тәрті­бінде қаралған мәселелер бойын­ша қаулы қабылданды.

Әбілмансұр ЖАСАН