Биыл 31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 0,2%-ға арзандады. Ал жыл басынан бастап осы уақытқа дейін 9,7%-ға қымбаттаған еді, – деп хабарлайды Informburo.kz сайты.
Жыл басынан бері:
сәбіз – 48,5%;
пияз – 30,2%;
өсімдік майы – 29,5%;
орамжапырақ – 25,1%;
картоп – 22,4%;
қарақұмық – 15,7%;
тауық еті – 15,5%;
қант – 12,5%-ға қымбаттады.
Жұмыртқа бағасы керісінше – 5,1%, ал күріш 8,1%-ға арзандады. Тамыз қорытындысы бойынша, азық-түлік бағасы жалпы – 0,1%, ал бір жылда 11,4%-ға қымбаттады.
Бір айда келесі өңірлерде айтарлықтай қымбатшылық байқалды:
Түркістан – 0,9%;
Маңғыстау – 0,7%;
Жамбыл облысы – 0,6%.
Алматы мен Солтүстік Қазақстан облысында баға бір жыл бұрынғы күйінде қалды.
Сондай-ақ, бір жылда келесі өңірлерде айтарлықтай қымбатшылық байқалды:
Маңғыстау – 13,2%;
Түркістан – 12,8%
Қарағанды облысы – 12,6%.
Ал Алматыда бір жылда тек 10,3% қымбаттады.
Жыл басынан бері көкөніс 30,2% қымбаттады:
қызылша – 2,2 есе қымбаттап, келісі 295 теңгеден сатылды;
сәбіз – 68,2%, келісі – 205 теңге;
картоп – 29,7%, келісі – 152 теңге;
орамжапырақ – 27,1%, келісі – 111 теңге;
пияз – 23,9%, келісі – 113 теңге.
Жеміс-жидек бір жылда 1,3%-ға қымбаттады:
банан – 7%, келісі – 579 теңге;
лимон – 6,3%, келісі – 1 мың теңге;
кептірілген өрік – 5,7% қымбаттап, келісі 2,2 мың теңгеге дейін жетті.
Сүт өнімдері бір жылда – 7,6%, ет пен ет өнімдері 9,5%-ға қымбаттады:
ірімшік – 8,4% қымбаттап, келісі 3,4 мың теңгеден сатылды;
майлылығы 2,5% сүт – 6,9% қымбаттап, литрі 254 теңге;