Коронавирус инфекциясының таралуына тосқауыл қою мақсатында ҚХР Үкіметі Достық-Алашанькоу және Алтынкөл-Қорғас шекаралық өткелдерінде алдын алу және бақылау шараларын күшейтті, – деп хабарлайды railways.kz.
15 тамыздан бастап Алашанькоу станциясында (ҚХР) Covid-19 індетінің жаңаша қарқын алуына байланысты Қытай тарапы тек контейнерлік пойыздарды қабылдап, Қытай-Еуропа-Қытай транзиттік дәлізі бойынша өтетін жүктерге басымдық бере отырып, пойыздарды қабылдауды/жөнелтуді шектеді. Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп осы мәселені шешу үшін барлық қажетті шараны қабылдауда:- жүктердің 80%-ын Алтынкөл-Қорғас станциясына қайта бағыттау;
- контейнерлік жүктер үлесінің артуы;
- «ҚТЖ» ҰК» АҚ және Үрімші теміржолы басшылығы деңгейінде апта сайынғы кездесулер және шекара маңындағы станциялар бастықтары деңгейінде күнделікті кеңестер өткізу.