Полицейлер Қарағанды облысында ұрланған көлікті бүгін елорда аумағында байқап, ізіне түскен. Көлік ұрысы ізінен қуған полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, жол жүрісі ережелерін өрескел бұзған.
«Жол жүрісі қатысушыларына төнген қауіпке тосқауыл болу мақсатында, жүргізушінің тоқтау туралы талаптарды елегісі келмегендігі ескеріліп, полицейлер барлық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, табельдік қаруды пайдалануға мәжбүр болды. Қашып құтылмақ болған ұры бордюрлардан секіріп, қарсы беттегі жолға шыға отырып, жол бойында тұрған бірнеше көлікті зақымдағаннан кейін ескерту ретінде ауаға, одан кейін автокөлік дөңгелегіне оқ атылды. Осылайша, көлік тоқтатылды», - деді Данияр Орал.
Құқық бұзушының әрекеті салдарынан 9 көлік зақымдалды. Полиция департаментінде нақтылағандай, көлік иелері мен келтірілген материалдық шығын анықталуда.
22 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау абақтысына жеткізілді.