Коронавирус пен пневмониядан тағы 47 қазақстандық көз жұмды
Коронавирус пен пневмониядан тағы 47 қазақстандық көз жұмды
Military cleaning washing disinfection against coronavirus risk COVID-19
5,178
оқылды

Коронавирус пен пневмониядан тағы 47 қазақстандық қайтыс болды, - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

ПТР-анализі расталған (КВИ+) 36 адам коронавирустан, ал ПТР-сынамасы теріс (КВИ-) 11 науқас пневмониядан қайтыс болды. Сонымен қатар, 24 қыркүйекте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 187 жағдайы тіркелді. Оған қоса 143 адам емделіп шықты. 26 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 64 283 адам коронавирус инфекциясынан (55 396 КВИ+ және 8 887 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:
  • 11 261 пациент стационарда,
  • 53 022 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  •  900 адамның жағдайы ауыр,
  •  226 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  143 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.