Жеңіске жеткен Усик көзіне жас алды

Жеңіске жеткен Усик көзіне жас алды

Украиналық Александр Усик (19-0, 13 КО) британиялық Энтони Джошуадан (24-2, 22 КО) супер ауыр салмақта WBA (Super), IBF, WBO және IBO белбеулерін тартып алды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Екі алып арасындағы айқас Лондон төріндегі "Тоттенхэм Хотспур" стадионында өтті. Жекпе-жек толық 12 раундқа жалғасып, төрешілердің бірауыз шешімімен Усик жеңіске жетті. Осылайша 34 жастағы былғары қолғап шебері кәсіпқой рингтегі 19-жеңісіне қол жеткізді. Ал Джошуа болса, карьерасында осымен екінші мәрте қарсыласына есе жіберіп отыр. Енді украиналық боксшы абсолютті әлем чемпионы атану үшін WBC белбеуін иеленуге күш салмақ. Ал аталмыш белбеу Тайсон Фьюриге тиесілі екендігін айта кеткен жөн. Бокс кеші аяқталған соң Энтони Джошуа сұхбат беруден бас тартып, стадионнан кетіп қалса, ағынан жарылған Усик эмоциясын жасыра алмай көзіне жас алды.