Головкин үздік 15 боксшының тізіміне енді
Головкин үздік 15 боксшының тізіміне енді

Givemesport.com басылымы 2020 жылдың үздік 15 боксшының тізімін жариялады. Тізімде қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де бар, - деп хабарлайды Vesti.kz

Дереккөздің хабарлауынша, былтыр басталған пандемияға қарамастан боксшылар мықты жекпе-жектер өткізген.
2020 жылдың үздік боксшылары тізімінде:
1. Тайсон Фьюри; 2. Теофимо Лопес; 3. Эррол Спенс; 4. Джервонта Дэвис; 5. Энтони Джошуа; 6. Сауль "Канело" Альварес; 7. Наоя Иноуэ; 8. Александр Поветкин; 9. Роман Гонсалес; 10. Теренс Кроуфорд; 11. Джозеф Джойс; 12. Александр Усик; 13. Джермелл Чарло; 14. Джермалл Чарло; 15. Геннадий Головкин. Бұған дейін отандасымыз Геннадий Головкиннің Камил Шереметамен жекпе-жегі 18 желтоқсанда Флорида штатында өтті. Головкин титулын 21-рет қорғады.