Петропавловск.info-ның мәліметінше, апат салдарынан көп қабатты алты үй ыстық сусыз қалған.
Тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының хабарлауынша, "субұрқақты" тоқтату үшін көпқабатты алты үй мен бір әлеуметтік нысанды ыстық судан ажыратуға тура келген.
Ал полиция апатқа кінәлі адамды тапты. Ол Петропавл қаласының 30 жастағы тұрғыны болып шықты.
"Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тиісті шараларды қолға алдық. Соның нәтижесі бойынша жаза қолдану туралы шешім шығады", – дейді СҚО Полиция департаментіндегілер.