Әуел баста видео Instagram-да таралған. Алматы қалалық Полиция департаменті жол жүру ережесін бұзған жүргізушіні анықтады.
«Жәнібек көшесінің бойымен жүрген Toyota Сamry көлігінің жүргізушісі бірден анықталды. 2002 жылы туған тұрғынның есімі – Нұрболат. Оның Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқықбұзушылық туралы кодексінің 230-бабының 2-бөлігі, 601-бабының 2-бөлігі, 595-бабының 1-бөлігі және 596-бабының 3-бөлігінде көзделген ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзғаны белгілі болды. Тиісті әкімшілік материалдар жиналды, сотқа жіберіледі», – деді қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Жол ережесін өрескел бұзған жігіт көпшілік алдында кешірім сұрады.