Спорт алаңына бөлінген ақшаны жымқырған ба?
Спорт алаңына бөлінген ақшаны жымқырған ба?
1,165
оқылды

Алматы облысы Сарқан ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы ақша жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік департаменті хабарлады.

Басқарма бастығы Алматы облысы Сарқан ауданы Бақа­лы, Алмалы, Көкөзек ауыл­дарындағы үш спорт алаңы құрылысына «Жұмыс­пен қамту 2020-2021 жылдарға ар­налған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бө­лінген 32,9 млн теңге со­масындағы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Шенеунік уақытша қамау изоляторында отыр. «Тергеу жалғасып жатыр. ҚПК-нің 201-бабына сай тергеу мүддесі үшін басқа ақ­парат айтылмайды», – деді департамент қызметкерлері.

А. ЖАНАСЫЛ