Ақсу ауданының полицейлері күдіктіні жедел анықтап, ұстады.
Ақсу АПБ бастығы, полиция подполковнигі Дәурен Сәкенов: «24 қыркүйек күні Ақсу ауданы Полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне белгісіз адамнан Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында оқ атылғаны жайында хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жеткен Ақсу АПБ-нің қызметкерлері сол ауылдың тұрғынына 16-калибрлі аңшы мылтығынан оқ тигенін анықтады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды», – деді.
Жедел іздестіру нәтижесінде, сол ауылдың 36 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның тіркелмеген қарудан оқ атқаны анықталды. Тергеу жүріп жатыр.