Пара алғаны үшін сотталды
Пара алғаны үшін сотталды
291
оқылды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы аудандық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Мәліметтерге сүйенсек, былтыр қазаннан биылдың сәуіріне дейін аудан әкімінің орынбасары болып қызмет еткен айып­талушыға қатысты ҚР Қылмыстық кодексі­нің 366-бабы 2-бөлігіне сәйкес (ірі көлемде пара алу) іс қозғалды. «К. есімді азамат ЖШС-лардың бірінен жолдарды тазалау және күтіп ұстау жұмыстарына, сондай-ақ ауылдағы төтенше жағдайды жоюға аудандық бюджеттен ақша бөлгізіп бергені үшін 400 мың теңге көлемінде пара алған. Сотталушы қаражатты алып жатқан жерінен ұсталды», − деп хабарлады Глубокое аудандық сотының баспасөз қызметі. Сот үкімімен айыпталушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды.  Енді ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Қазір үкім заңды күшіне енген жоқ.

М.БАҚЫТЖАН