Стратегиялық ынтымақтастық арта бермек
Стратегиялық ынтымақтастық арта бермек
445
оқылды

Қазақстан Президенті Башқұртстан Республикасының басшысы Радий Хабировты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ­стан мен Ресейдің стратегиялық ынтымақтастығы екі ел аймақ­та­рының арасындағы ықпалдастықты кеңінен қамтып отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы Башқұрт­стан Республикасымен жан-жақты байланыстарымыз пандемияға қарамастан жаңа мазмұнмен дамып келе жатқанына тоқталды. Кездесуде бірлескен кәсіп­орын­дар санының артып, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, метал­лургия және жеңіл өнеркәсіп және тағы басқа салаларда инвести­ция­лық жобалардың жүзеге асырылуы туралы айтылды.