Мәдениет мәселелері талқыланды
Мәдениет мәселелері талқыланды
163
оқылды

Мемлекет басшысы Мә­дениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованы қа­был­дады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа мәдениет, спорт, туризм және архив салаларында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша мә­лімет берілді. Сонымен қатар ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, өнер және мәдениет қайраткер­лерінің мерейтойларына арналған іс-шаралар туралы баяндалды. Ақтоты Райымқұлова Мем­лекет басшысына Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киносту­диясының жұмысы, Ұлттық кино­ны қолдаудың мемлекеттік ор­та­лығы, сондай-ақ «Кинематография туралы» заңға енгізілетін толық­тыру­лар туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, биыл сарап­шы­лар кеңесі мен ведомствоаралық комис­сия мақұлдаған 42 киножо­баны қаржылай қолдау жоспар­ланған. Министр мәдениет және спорт салаларындағы заңнамаға өз­герістер мен толықтырулар енгізу жұмысы туралы баяндады. Сонымен қатар кездесу бары­сын­да ішкі туризмді дамытудың перспективалары, осы саланы цифр­ландыру мәселелері талқы­ланды. Қазір бірқатар цифрлық шешімдер іске қосылды. Kazakhstan.travel ұлттық туристік порта­лы, Туризм онлайн, View Project, eQonaq жүйесі, гидтердің бірыңғай тізімі, сондай-ақ көрсетілген қызмет сапасына қатысты пікір немесе шағым қалдыруға мүм­кіндік беретін E-Shagym модулі сияқты жаңа ресурстар әзірленіп жатыр. Президентке ЮНЕСКО-мен ынтымақтастықтың жағдайы туралы баяндалды. Бүгінде Қа­зақстан атынан Бүкіләлемдік мұра тізіміне тарихи және мәдени он ескерткіш енгізілген. Ақтоты Райым­құлованың айтуынша, министрлік ЮНЕСКО тізіміне ма­териалдық және материалдық емес мәдени мұраның жаңа ны­сан­дарын енгізу бойынша бел­сенді жұмыс жүргізіп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев ми­нистрге осы бағыттағы жұмыс­тарды жалғас­тыруды тапсырды. Сондай-ақ Президент Есеп коми­тетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. Мемлекет басшысына 2022-2024 жылдарға арналған респуб­ликалық бюджеттің жобасына жүргізілген алдын ала бағалаудың негізгі нәтижелері жөнінде баян­далды. Наталья Годунованың мәліме­тіне сәйкес, 9 басым бағыт бо­йынша үш жылда жұмсалатын 3,2 триллион, оның ішінде 2022 жылға жоспарланған 1,2 триллион теңге көлеміндегі қаржыға бағалау жүр­гізілді. Оның қорытындысы бо­йын­ша Есеп комитеті жұм­салатын 1,16 триллион теңгені, оның ішін­де 2022 жылға жос­пар­ланған 306,3 миллиард теңгені оңтайландыруды ұсынды. Бюд­жетті жоспарлау кезінде жіберілген бірқатар кем­шілік айтылды. Тиісті орган­дарға олар­ды жою жөнінде нақты ұсы­ныстар берілді. Сонымен қатар Есеп коми­те­ті­нің төрағасы жекелеген ау­ди­торлық іс-шаралардың алдын ала қорытындылары туралы айт­ты. Кездесу қорытындысы бойын­ша Қасым-Жомарт Тоқаев мем­лекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметін жетілдіру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.