ШҚО Полиция департаментінің мәліметінше, полицияға 41 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны арызданған.
Ол Семейде белгісіз біреу «аукцион арқылы арзанға сатылатын көліктер арасынан Toyota Land Cruiser Prado және Toyota Highlander автокөлігін тауып беремін» деп 4,5 миллион теңге сұрағанын айтты. Бірақ ақшаны алған соң хабарсыз кеткен.
«Жедел іздестіру нәтижесінде, полицейлер күдіктіні ұстады. Еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болмаған 33 жастағы семейлік өз кінәсін толық мойындаған. Ол жәбірленушінің ақшасын өзінің жеке қажетіне жұмсап үлгерген», – деді Семей қалалық ПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.
Қылмыстық Кодекстің 190-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды.