South China Morning Post басылымының мәліметінше, Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 170-ке, ал вирус жұқтырғандардың жалпы саны әлем бойынша 7711-ге жетті, – деп жазады Tengrinews.kz.
Жергілікті денсаулық сақтау комитетінің мәліметінше, 2019-nCoV құрбандарының көбі вирус ошағы – Хубей провинциясында. Қала бойынша қаза тапқандардың саны 162-ге жеткен.
Вирусты Қытайдың барлық қаласының тұрғындары жұқтырған, оның ішінде Тибет те бар. Қытайлық дәрігерлердің сөзінше, коронавирусты тоғыз мыңға жуық адам жұқтырған.
Қытайдың мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцян коронавирусқа қатысты жағдай қиын екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы коронавирусқа қатысты шұғыл жиын өткізбек. Ұйым жиында Қытайдағы жағдай «төтенше жағдай ма, жоқ па» соны анықтайды.