Polisia.kz-тің жазуынша, 11 қой ұрлаған адам ұрлаған қойларды өз қорасына қамаған.
Ерейментау ауданының полиция бөліміне Еркіншілік ауылының 29 жастағы тұрғыны жайылымнан 11 қойы ұрланғаны туралы шағымданған.Ұрланған қойдың етін базарда сатқан. Тексеру барысында етті сатып алған адам, ұрланған қойды бөліскен адамдар анықталды. ҚР ҚК 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Жедел іздестіру нәтижесінде, 18 қыркүйек күні сол ауылдың 37 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұры әуел баста жауап беруден қашқанымен, өз кінәсін мойындады. Ол 17 тамызда орманда жүрген қойларды байқаған. Қараңғыда қойларды ауылға апарып, сарайына қамап қойған. Екі күн бойы өз сарайында ұстаған. Қойды ешкім іздеп келмеген соң, Нұр-Сұлтан қаласына апарған.
Бұған дейін жоғалған жылқыны тікұшақпен іздегені туралы жазған болатынбыз.