Аралас қалжың
Аралас қалжың
235
оқылды
Жер ортасынан ауып жетпіс жасқа жетіп отырған Жеткерген Әбдірейұлы кім дейсіз бе? Не, білмейсіз бе? Ол-оспағы аралас оралымды ойы бар орақ тілді ысқақшы Мамандығы биолог. Онын «Дидарласу», «ҚасиеттіҚармақшым» «Тәтті алма» секілді топтама жинақтары қыздын жиған жүгіндей көз тартады.Қыздын жүгі деп отырғанымыз - қызықты да хикаялы шығармалары ғой. Бәрінен де бұрын біздің Жеткерген «Ара» -»Ара» болғалы ат салысып жүрген авторларымыздың бірі. «Мінезіңіз не деген тентек еді, Тастайтындай төңкеріп жер төлені». Түрін көріп түтеген күйеуінің, Қайтарсам деп пәтінен еркеледі.   Қара дауыл соққандай ашуыңыз, Қара нөсер құйғандай басылыңыз. Екі жолды таңдайық осы бастан, Бірге тұра алмаспыз асылы біз.   Ай, ай мінез әр жерде таба қылды, Шошындырып алдым ба қарағымды. Айтқан сөзім атылған оғым болсын, Мұнан кейін шытпаймын қабағымды.

 ***

Миллионың санақтан шығып қалды, Миллиартқа қол салды құныққаны. Көсіп-көсіп алды да көзін жұмып, Сейфінің ауызын құлыптады.   Сырт көзге сыпайы жайсаң адам, Күймейтіндей «5» деген қойса бағаң. Галстугін қылғынтып таққанымен, Жұрдай пақыр- жұтаған ой- санадан.   Кім біліпті өткенін неше күздің, Қалған екен сұлбасы кешегі іздің. Деп жүргенде бәрі де ұмыт болды, Қойыртпағы ашылды көкеміздің.

 ***

Назарымды аудармай өзге жанға, Жарқ-жұрқ еткен ұқсаттым найзағайға. Балапандай 0- дерді тізіп қойса, Қалтаңызға түседі «таза пайда».   Таза пайда- бейнетсіз тапқан табыс, Алақанға түкіріп аттандаңыз. Не бітіріп, не істедік, не тындырдық, Үйімізде үн-түнсіз жатқанда біз.   Билігі бар, билігін пайдаланды, Билігі жоқ бүрісіп сайда қалды. Бәрін айт та, бірін айт қояйықшы, Қазынаға арамдық ойлағанды.

***

Тау дегенің томпиған төбе болды, Төбе деген төмпешік неге болды.   Қадірінің қалмапты қиқымы да, Сүрен аттап кеткендей сиқы мына.   Тойымсыздық түбіне жеткені ме, Сүрінгендей аш көздік кетпеніне.   Жетті ,жетті жолына жуа бітті, Көрмегенін көрсетіп туа бітті.   Құлқынының құбырын тимағасын, Тірі әруақ десе де иланасың.  

Жаңылтпашты жаңылмай айт

  Ебін тапқан екі асағанда, Ебін таппаған асамай ма? Ебін тапқанға еліктеседе, Бір,екі қадам жасамай ма?

               ***

Парақор Бәлеқормен туыс па, Туыс деп тапсаң, Түлен түртпесе жұғыспа.

 ***

Алғабас алға бас демесең де алға басады, Алға баспайтындар ат тонын ала қашады.

***

Жұт келді- жұтатамын деп ербиіп, Құт келіп-қуып шықты кермиық.

***

Қиянат жасағанға қиянат жасаған дұрыс па, бұрыс па? Қиянатшылдың көзін байлап, қойған дұрыс бұрышқа.

 ***

Дабыраға дабыра қоссаң, дабыра далиады, Дабырашылға дос қылма, Дайрабай қарияны.

 ***

Үнемшіл үнемдегеннен ұтпаса ұтылмайды, Тәрк-тәрк еткен тәркілдек қарыздан қашса да құтылмайды.

 ***

Футболдан не байқадың, нені көрдің, Өз қақпасына доп салған сені көрдім.

 ***

Жартыны жартыға жалғасаң бүтінделеді, Су қиды отқа жақсаң түтінденеді.

 ***

Өтіріктің өрге басқаны, Шындықтан шырай қашқаны. Қатырды тағы өтірік, Шырайлы шындық қасқаны.

 ***

Су жұқпасқа су жақын, Сумақайға қу жақын.

 ***

Жау жағадан алғанда бөрі не қылады, Етектен тартып есуас қағынады.

 ***

Үйкүшік үйдің төңірегін ториды, Күнәқар жақсыны жаманға жориды.  

Бірқақпайлар

– Құрдас, жас кезімізде «махаббат боп өтетін өмір қандай тамаша» деп өлең айтатынымыз есіңде ме? – Тс... жаймен сөйле. Кемпір есітіп қалса қырып салады.

 ***

– Інішек есімім Дүйсенбі дедің бе? – Ия, Дүйсенбі. – Кеше көңіліңді сұрап келген жігіт Сейсенбі деп таныстырды ғой өзін. – Ол менің ағам. Сәрсенбі,Бейсенбі, Жұма, Сенбі,ЖЕКСЕНБІ деген де бауырларым бар. – СЕГІЗІНШІ бала дүниеге келгенде атын кім қояды екен ,ә. – Бір апта деп қоятын шығар

 ***

Бір жыршы: «Қамбарбек келеді сайменен, құла қасқа тайменен» –деп қайта-қайта қақсап қоймапты. – Сайдан қашан шығады Қамбарбегің?- депті тыңдап отырған біреу. – Ол әлде қашан шығып кеткен, – депті жыршы. Сен қашан шығасың десе: – Сайдың іші ықтасын, әзір тұра тұрайын, – деген екен

 ***

– Сіздің миыңызға күмәнім бар. – Қандай күмән? – Кеуіп кеткен сияқты. – Өзіме білінбейді. – Қазір айтқанды, қазір ұмытып қаласың. – Басыма бес тиындық пайдасы болмаса есімді былғап не қыламын.

 ***

– Әйелдерді өсек айтудан жарыстырса кімнің әйелі бірінші келеді екен? – Мәндібайдың Мәрусасы алдына қара салмас. – Одан Олжабайдың Оңайгүліде қалыса қоймас. – Мәрусанікі 80:20% ғой. 20 % шындықты 80% өтірікпен өрнектелген. Оңайгүлдікі 70:30%. – Қап сынық сүйем кемдеу екен.

                ***

Әкімдіктен үміткер жігіт қиялдап отыр: «Сайланып кетсем көшеге асьфалт төсегенде табанына еспе құм, тастан кішкене себелеп, бетіне асьфалт жалатып өте шығар едім.Ол арманға жететін күн де алыс емес» Біреу есітіп қалды ма дегендей «әумин» деп бетін сипап орнынан атып тұрды.

 ***

– Әй, бала, әкім болып сайландың ба? – Өздерің қоярда қоймай сайладыңдар ғой. – Кіріс онда жұмысқа. – Ой, көке, төрт жылға дейін әлі қанша уақыт бар.Сайланғанша «өкпеміз өшіп өліп қала жаздадық».Бір жылдай демалып есімізді жинап алайықта.

***

– Әкім кезіңде онша көзге түспедің. Үміткерсің бе? – Әрине, не дегеніңіз. – Халық қолдай ма? – Қолдай ма...Ауылдың 80 пайызы Жабысқақ руы емес пе.Қалғаны қайда барады.

 ***

– Балам нешінші класқа өттің? – Бесінші класқа. – Бесінші класқа беспен өттің бе? – Қою- сұйығы аралас. Бағаның бәрі де бар.

***

– Үйіңде қыбырлаған жанның бәрі жұмыста. Балаң,келінің,әйелің,өзің. Сөйте тұра тілемсек­тенесің де жүресің....Су, тұз,қант, май,шырпы, сабын, парошок. – Ой көрші білмейтін бе едіңіз.Сұрағанға берген сауап. Мен жоқтықтан емес ,сізге сауап жазылсын деп сұраймын ғой.

***

– Балам біреу келіп жеті атаңды сұраса не дейсің?- депті әкесі. – Жеті атасын білмеген жетесіз деймін.  

Кейін айтам...

– Қай күн саған ұнайды? – Өр көңілім, сенбі менен жексенбіге құлайды. Басқа күн де бөтен емес былайғы. Бірақ осы артық көрем екеуін. Қаны тамған бет секілді шырайлы. Темекімен күлсалғышты Қатар қойып қапталға, Аяғыңды созып тастап, Не жетеді жатқанға. – Сол ма жалғыз арманың, – Түу миымды ашытпашы, Кейін айтам қалғанын.  

Мырс-мырс

Атекең атса, Нысанаға дөп тиеді. Жатып атады,тұрып атады, Бұғып атады. Мойнын ішіне тығып атады. Атып-атып шаршағасын Шалқасынан жатады.   Қаламының ұшына Ілікпегендер қалмады. Желөкпелердің, талайын жалмады. Мінезі бәлкім жараспады, Әкімге шала байлап, ауылдан аластады.   Полицейлерді қолайлап, Сотқа көрсетті дөң айбат. Анаған тиісті, Мынаған тиісті. Астапралла, Аман қалды жымысқы.   Ойыңды онға, Санаңды санға бөлшектейді, Жазған арызында, Аты жөнін көрсетпейді. Кімнен келген Кесір екенін білеміз. Білгесін ішімізден, Мырс-мырс күлеміз.  

Қырғиқабақ қарға

Мысал

Қарға құстарға өкпелі, «Қалбақтаған қара қарға» Деп кемсітеді өйткені. Қара болсам қарамын, Бірақ бәрінен дарамын. Кемсіткендерін қоймаса, Жүндерін жұлып аламын. Түк түсінбейтін кещелер, Болсаң егер Мына жайды ескерер. Адамдарда қаралар аз ба, Қараның неше атасын көресің, Өріске мал айдап шықсаң жазда. Қазанның түбі де қап-қара. Қара болып шықпай ма, Күйе жақсаң мақтаға. Қанатты достарым. Ақпыз, қарамыз, сарымыз, Бір атаның тұқымымыз бәріміз.  

Кіжінген кірпі

Мысал

– Тасбақа,Тасбақа, Сенің атаң басқа ата. Мені танисың ба? – Танығанда қандай, Кірпісің, Айқайлап тұр ғой түр-түсің. – Бір-бірімізден шошымайық, Қане, қазір қосылайық. – Мен жаралғанмын тастан, Сенің денеңді тікенек басқан. Ой, ол жағын көп ойлама, Ұрпағымыз тікен мен тастан көмкерілсе, Жаулар жолауға қаймығады. Кұбыжық көргендей, Естерінен айрылады. Оны жаңа түр дейді, Біздің жаңа түрімізді Кез-келген адам білмейді.   – Бірдей болғанмен бойымыз, Арамдау екен ойыңыз.  

Жеткерген ӘБДІРЕЙҰЛЫ,

Қызылорда облысы