Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Айгүл Иманбаева желіде күйеуімен түскен жаңа суретін жариялап, оған әсерлі жазба арнады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі отағасы екеуінің фотосын Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда жолдасының актрисаны сүйіп тұрғанын байқауға болады.
"Мына шулы өмірде сен менің тыныштығымсың", - деген жазба қалдырды Иманбаева суреттің астында.
Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірді.
"Бақытты болыңдаршы. Көз тимесін", "Таптым-ау сені деген осы ғой", "Жүректі жылытатын сурет. Құшақтадым", "Махаббаттарың баянды болсын", "Өте жарасымды, көрікті жұпсыздар", "Әр қазақ қызы бақытты болуға лайықты", "Қандай керемет жұп", - деп жазуда көпшілік.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.