Такси жүргізушісі зейнеткерге 1,5 миллион теңгесін қайтарып берді
Такси жүргізушісі зейнеткерге 1,5 миллион теңгесін қайтарып берді
325
оқылды
Алматылық жігіт кейуанаға таксиде қалдырылған 1,5 млн. теңге ақшасы мен алтын бұйымдарын қайтарып берді, деп жазады tengrinews.kz. Оқиға 19 қыркүйек күні болған. Бекарыс есімді жүргізуші Алматыда екі қарияны үйіне алып барған. Кейінірек жас жігіт жолаушылардың ақшасы мен құнды әшекейлері бар чемодан қалдырып кеткенін байқап, қайтарып бермек болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде таралды.  width=  
"Онда 1,5 миллион теңге және алтын бұйымдар болды. 11 күн осы заттардың иесін іздедім. Көрсетілген мекен-жай бойынша келіп, барлық көршілерден сұрадым. Нәтижесінде бүгін таңертең иесін тауып, ақша мен бұйымдарды қайтардым. Менің ойымша, егер барлық адам осылай жасаса, біздің еліміздің болашағы жарқын болатын еді. Ата-анам бірден ақшаны қайтару керек екенін, ал кейбір достарым мен таныстарым жұмсасашы деген ойларын айтты. Ақшаны иесіне бергеніме қуаныштымын", - деді 23 жастағы жігіт.
Алматылықтардың айтуынша, олар ақшаның табылатынынан үміттерін үзген.
"Әженің өзі ол жерде қанша ақша болғанын білмейді екен. Шамасы, бір нәрсеге, мүмкін емделуге жинаған болар. Қуаныштан әже мені қатты құшақтады. Тіпті біраз жылады. Ол басқа адамдардың заттарын қажет етпейтінін айтты. Әже маған ақша ұсынды, бірақ мен бас тарттым, ештеңе алмадым. Мені 10 рет шайға шақырды", - деп бөлісті ол.