Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай 100 теңгелік монета айналымға шығады
Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай 100 теңгелік монета айналымға шығады
Фото: nationalbank.kz
221
оқылды

Биыл ақын Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толды. Монетаның аверсінде орталық бөлігінде Қазақстанның елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналасқан.

Жиегінде айналдыра – QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деп жазылған. Төменгі жағында монетаның номиналын білдіретін «100 TEŃGE» жазуы бар. Монетаның реверсінде Жамбыл Жабаевтың портреттік бейнесі, орталығында – «Артықша туған азамат» өлеңінің бірнеше жолы орналастырылған. Оң жағында ою-өрнек үзінділерінен жасалған домбыра контурының айшықты бейнесі мен мерейтой датасын білдіретін «175 JYL» жазуы орналасқан.   [caption id="attachment_163680" align="aligncenter" width="942"] width= Фото: nationalbank.kz[/caption]

Монетаны айналдыра JAMBYL және QAZAQ HALYQ AQYNY жазулары, ал төменгі жағында дайындалған жылын білдіретін «2021» жазуы бар. JAMBYL. 175 JYL коллекциялық монеталары МН 25 мельхиор қоспасынан, номиналы 100 теңгелік, массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм., дайындау сапасы brilliant uncirculated, таралымы 15 000 дана болып дайындалды.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Монетаны Қазақстанда өз құнымен төлем жасауға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға болады.