Көркейе түскен Түркістан
Көркейе түскен Түркістан
©azattyq-ruhy.kz
296
оқылды

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясында Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан облысын құру туралы қабылдаған шешімінен кейін жаңа дәуірі басталған Түркістанды барып, көруге кеңес берген еді.

[caption id="attachment_163760" align="alignnone" width="1024"]Түркістан ©azattyq-ruhy.kz[/caption]

«Екі жылдан астам уақыт өтті. Егер Түркістанда болмасаңыз, қазір қаланың қалай өзгергенін көруге келіңіз. Еліміздің астанасынан кейін бой көтерген жаңа қала болды. Бұл – еліміздің зор мүмкіндіктерінің тағы бір дәлелі. Түркістан – республикамыздың мәдениет орталығы. Жақында, менің бастамаммен өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі саммитінің қорытындысы бойынша Түркістан ресми түрде түркі әлемінің рухани астанасы болып жарияланды», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

[caption id="attachment_163761" align="alignnone" width="1024"]Түркістан ©azattyq-ruhy.kz[/caption] Облыс орталығының қалай өзгергенін көруге кеңес берген Елбасы Түркістанға арнайы ат басын бұрып, жаңа нысандарды аралаған да болатын. Атап айтар болсақ, «Тұңғыш Президент саябағы», қазақ хандарына арналған мемориалдық кешені, «Ұлы дала бірлігі» капсуласы, «Этноауыл» кешені. Тіпті, Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан музыкалық драма театрдың ашылу рәсіміне қатысып, жылы лебізін білдірген. Төрт қабатты өнер ордасының көрермендер залы 510 адамға арналған. Мұндағы вестибюль, кулуарлар, фойе, жинақтау холдары мен VIP залдар ұлттық нақышпен безендірілген. Көрермендерге және қызметтік персоналға шұғыл медициналық көмек көрсететін дәрігерге дейін қарастырылған. Театрдың бас директоры Айнұр Көпбасарованың айтуынша, өнер ұжымында 190 адам штаттық режімде жұмыс істей алады. Бұл театрда түркі әлеміне ортақ қойылымдар сахналанады. Композициялық көрінісі мен сәулеттік келбеті өзгеше ғимаратта тек қазақ актерлері ғана емес, шетелдік танымал шеберлер де өнер көрсетеді. [caption id="attachment_163762" align="alignnone" width="1024"]Түркістан ©azattyq-ruhy.kz[/caption]

 – Сан ғасырлық тарихы бар осындай киелі өлкедегі өнер ордасы Елбасының бастамасы, қолдауымен салынды. Бұл өнер орталығының ерекшелігі және концепциясы – преформативті театр атануында. Яғни, қазақстандық қана емес, түркі әлеміне ортақ мемлекеттердің актерлары да келісімшарт негізінде осында жұмыс істейді. Театрға жас балет труппасы, хор, опера әртістері, драма актерлары кастинг арқылы алынды. 25 жасқа дейінгі жас актерларды осында үш жыл оқытып, түрлі курстар, қойылымдар арқылы шеберлігін шыңдаймыз. Алыс-жақын шетелден, республиканың әр өңірінен талантты жас режиссерлер, сценографтар, хореографтар, актерларды жинап жатырмыз. Талантты жастардың ішінде Belcanto Вена академиясының түлегі Айя Шәріп, танымал композитор Хамит Шанғалиев, Watanabe Buber балет академиясын, Ваганова атындағы орыс балет академиясын бітірген Мао Сакай сынды прима-балериналарымыз бар. Театрдың алға қойған жоспары көп, – деді  Түркістан музыкалық драма театрының директоры Айнұр Көпбасарова. 

Театрдың ашылуында «Шаңырақ» миниатюрасы қойылды. Қойылымның идеясы түбі бір түркі халықтарының бірлігі, ынтымағы, бауырластығына құрылған. Бабалар жолының саралығы, ұрпақ сабақтастығы, өткенін қастерлеп, өркениетке ұмтылған түркі ұрпағының өміршеңдігі қойылымға арқау болған. Актерлік құрамда Лейло Бекназар, Әділ Ахметов, Айя Шәріп секілді өнер тарландары ойнады. Ендігі өнер ордасының жаңа маусымы жазушы-драматург Дулат Исабековтің «Бөрте спектаклімен ашылмақ. 9 -10 қазанда көрсетілетін қойылым Моңғол империясының XIII ғасырдың атмосферасына сүңгітіп, Шыңғыс ханның жұбайы Бөртенің бейнесімен таныстырмақ.