Қытай Қазақстанмен автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабады, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитеті.
«Қытайда мереке күндеріне байланысты қазақ-қытай шекарасындағы «Нұр жолы», «Достық-авто» және «Бақты» өткізу пункттері 2021 жылғы 1-3 қазан аралығында жабық болады.
Бұдан басқа, қытай тарапында дезинфекциялық құрылғыларды қысқы маусымға дайындауға байланысты «Бақты» өткізу пункті 2021 жылғы 3-4 қазанда да жабық болады.
Шекараны кесіп өтуге ынталы тасымалдаушыларды көршілес елдегі мерекелік шаралар есебімен өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - делінген хабарламада.