Фронт-офис ашылды
Фронт-офис ашылды
396
оқылды

«Nur Otan» партиясы Шым­кент қаласы филиалының тө­рағасы, қала әкімі Мұрат Әй­тенов  пен қалалық мәс­лихат хатшысы Бахадыр Нарым­бетов партия жанын­дағы Фронт-офистің ашылу жиыны­на қатысты.

Қала әкіміне кеңсенің атқара­тын қызметі және қоғамдық қа­былдау бөлмесінің жұмысын «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева та­ныстырды. Фронт-офистің негізгі мақса­ты – қала тұрғындарына онлайн түрде қызмет көрсету, аза­мат­тардың өтінішін қарау, тір­кеу және өңдеу. Сонымен қатар қо­ғам­дық қабылдау қызметкер­ле­рі­мен қоса аудандық филиал қыз­мет­керлері фронт-офистің коңы­рауларын қабылдап, өтініш­терді тиісті мемлекеттік мекеме­лерге жол­дау арқылы шұғыл жауап беруді ұйымдастырады. Азамат­тар­дың өтініштеріне әр саланың мамандары (проку­ра­ту­ра, Поли­ция департаменті, Әді­лет депар­та­менті, адвокаттар ал­қа­сы, ме­диатор орталығы, жер­гі­­лікті атқарушы орган) жауап бе­реді. Жиында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әй­тенов фронт офисті ашып, сай­лау­алды бағдарламасы бойынша бе­кітілген Жол картасына сәйкес 9 айлық атқарылған іс-шаралар­дың орындалуын баяндады. – Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сырмасымен «Nur Otan» партия­сының 2025 жылға дейінгі «Өз­ге­рістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» деп аталатын сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақ­сатында Жол картасы бекітілген болатын. Сайлауалды бағдарла­мамыз – елімізді таяудағы 5 жылда жаңа даму бағытына түсіретін нақты Жол картасы. Онда рес­публика бойынша әр өңір, қала және ауданда атқарылатын жұ­мыстар нақтыланған. Осы орайда біз Шымкент қаласында сайлау­алды бағдарламаны іске асыру бойынша 149 іс-шара белгіленіп, оған жауапты басқарма басшы­лары мен қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фрак­ция­сының мүшелері бекітілген. Жұ­мыс­тардың жүйелі әрі сапалы орын­далуы үнемі партия наза­рында, – деді қала әкімі. Отырыс барысында Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық фи­лиалы жанындағы Партиялық бақы­лау комиссиясының төрайы­мы, қалалық мәслихаттың депута­ты Дария Қожамжарова және аймақты дамыту өңірлік қоғамдық кеңесінің төрағасы Еркін Сатқан­баев баяндама жасады.

Әбілмансұр ЖАСАН