213 нысан толық бейімделді
213 нысан толық бейімделді
218
оқылды

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партия­лық жобасы аясында биыл Ақмола облысы бойынша мүм­кіндігі шектеулі азаматтар үшін 335 әлеуметтік инфра­құ­рылым нысандарын бейімдеу жоспар­ланған. Бұл мақсатқа 69 мил­лион 521 мың теңге бөлінді. Бүгінде жоспар 64%-ға орын­далды. Яғни, 213 ны­сан толық бейімделген. Жыл­дың аяқта­луы­на 3 ай уақыт қалды, сон­дықтан Қоғамдық кеңес оты­рысында қалған нысандардың сапалы әрі уақытылы бейім­делуі тілге тиек етілді.

Жұмыспен қамту және әлеу­меттік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жетекшісінің міндетін атқарушы Алтын Ақбарованың айтуынша, бейімдеуден өткен 213 нысанның тек 167-сі ғана арнайы ақпараттық порталдың инте­рак­тивті картасына енгізілген. Мәсе­лен, Көкшетау қаласын алып қарай­тын болсақ, мүмкіндігі шек­теулі азаматтардың еркін жүріп-тұруына бейімделген 37 нысанның тек 28-і интерактивті картаға енгізілген. Есіл ауданы бойынша бейімделген нысандар туралы мәліметтер де бұл картаға салынбаған. Айта кетейік, «Кедергісіз ке­лешек» партиялық жобасының жү­­зеге асырылу мәселесі пар­тия­ның облыстық филиалының төра­ғасы, облыс әкімі Ермек Мар­жық­паев­тың қатысуымен өткен Саяси кеңес бюросының оты­рысында қаралып, жыл аяғына жоспарланған нысан­дарды бейім­деуді жылдамдату, яғни жұмыс­тарды қарашаның 1-іне дейін аяқтауды тапсырған болатын. Нәтижесінде, бейімдеу жұ­мыстарын жыл аяғына жоспар­лаған Бурабай, Аршалы мен Целиноград аудандарының бас­шы­лығы бұл бағыттағы жұмыс­тарды қарашаның біріне дейін аяқтауға сөз берді. Пар­тия төраға­сының бірінші орын­ба­сары Ғалым Бекмағамбетов бұл тап­сырманы Шортанды ауда­нының басшылы­ғы да орындауы тиіс еке­нін айтты. Сөйтіп, Шортан­дыда жел­тоқсан айында бейім­деледі деп жоспар­ланған 4 ны­сандағы жұмыс­тар да 1 қарашаға дейін аяқталуы қажет. Ғалым Бекмағамбетов мүм­кіндігі шектеулі азаматтардың еркін жүріп-тұруы үшін бейім­делген нысандардың жыл санап азаймай, қайта артып келе жатқа­нына кү­мән­мен қарады. Яғни, жылда бір мекемені бейімдеуді қайта қолға алу дұрыс емес екенін айтып, бұл бағыт­тағы жұмыстарды сапалы жүргізуге, атқарылған жұмыстарға сараптама жасауды тапсырды. Ал жиынға қатысушылар мүм­кіндігі шектеулі азаматтарға ке­дергісіз орта қалыптастыру бойын­ша Қоғамдық кеңес оты­рысына «Атамекен» өңірлік кәсіп­керлер палатасының мүшелерін де шақыру туралы ұсыныстарын білдірді. Сонымен қатар алдағы уақытта салынатын нысандардың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлегенде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделгенін де ескерілуін жос­парлау қажет екені айтылды.

Әбілмансұр ЖАСАН