Бауырластар ынтымағы артып келеді
Бауырластар ынтымағы артып келеді
271
оқылды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Әзербайжан Милли Мәжілісінің спикері Сагиба Гафаровамен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Әзербайжан басшыларының уағ­даластықтарын заң жағынан қол­дау, сондай-ақ екі елдің жан-жақты өзара іс-қимылын дамытуға ар­налған мүмкіндіктерін атап өтті. Нұрлан Нығматулин мен Сагиба Ғафарова ынтымақтастық жөніндегі топтардың, тиісті коми­теттердің бірлескен жұмысын жандан­дыруды, заңнамалық тә­жірибе алмасуды қолдап, пікір алмасты. Кездесуде Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзербайжанмен қарым-қатынасты стратегиялық серіктестік пен бауыр­лас халықтар арасындағы достық рухында нығайту үшін бе­рік іргетас қалауға қосқан ерекше үлесін атап өтті. Нұрлан Нығма­тулин­нің айтуынша, бүгін Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бакумен ынтымақтастықты тереңдетуге мән береді. Өз кезегінде Әзербайжан Милли Мәжілісінің спикері Сагиба Гафарова бауырлас елдері­мізді түркі дүниесіне ортақ мәде­ниет, ортақ дәстүрлер, ортақ тарих байланыстыратынын атап өтті. Сонымен қатар Түркістанда өткен Түркітілдес елдер Парла­менттік Ассамблеясының Х пле­нарлық отырысының қорытынды­лары туралы айтқан Нұрлан Нығматулин мен Сагиба Ғафарова отырыста қабылданған шешімдер парламентаралық диалогты ны­ғай­туға, сондай-ақ түркі елдері ара­сындағы жан-жақты ықпал­дас­тықты дамытатынына сенім біл­дірді.

А.СҰЛТАН