Ақын құжаттары мұрағатқа табысталды
Ақын құжаттары мұрағатқа табысталды
309
оқылды

Қарағанды облысының мем­лекеттік архивінде ақын және жазушы Қасым Аман­жолов­тың жеке мұрағат қоры жұмыс істеп тұр.

Онда ақынның өмірі мен шығармашылық жолын көрсететін 1911–2021 жылдардағы 90-ға жуық құжаттар, сирек кездесетін фотосуреттер, сондай-ақ бұрын зерттелмеген қолжазбалар жинақталған. Олардың бір бөлігін архив қорына Қасым Аманжоловтың қызы тапсырды. «Ақын, жазушы, публицист, журналист, аудармашы және Ұлы Отан соғысына қатысушы Қасым Аманжоловтың жеке мұрағат қоры оның туғанына 110 жыл толуына орай таныстырылды. Құжаттарды жинау үшін біз ҚР орталық мұра­ғатына барып, Орал қаласының мұрағатымен хат жазыстық. Оның құжаттарының, жарияланым­дарының, өлеңдерінің көшірмелері жасалды. Мен сондай-ақ ақынның қызы Дариғамен кездестім, ол бізге оның құжаттары мен фото­суреттерінің түпнұсқаларын сақ­тауға және зерттеу мақсатында табыс етті», – деді «Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ директоры Жаңагүл Тұрсын­ова. Құжаттар негізінен түпнұсқа­ларда, қолжазбаларда, баспа нұсқаларында, газет жарияланым­дары, суреттер, альбомдар мен фотосуреттер түрінде ұсынылған. Қасым Аманжоловтың 110 жыл­дығына орай Қарағанды об­лысы­ның мемлекеттік мұрағаты ақынның жеке мұрағатының құжаттарына ғылыми-техникалық өңдеу жүргізіп, «Өмірін өлеңмен өрнектеген» фотоқұжаттық көрме ұйымдастырды, ақын туралы бейнеролик әзірледі.

А.АЙДАРҚЫЗЫ