Astana Open: Путинцева ширек финалда
Astana Open:  Путинцева ширек финалда
207
оқылды

Әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Astana Open WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Жүлде қоры 235 мың АҚШ долларынан асатын жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген Ю.Путинцева екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 408-орында тұрған Беларусь өкілі Вера Лапкомен кездесті. Бірінші партияда отандасымыз 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде де дәл сондай есеппен матчты түйіндеді – 6.4. Сағат жарымға созылған бәсеке барысында Ю.Путинцева 3 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 1 (3 брейк-пойнт) брейктен аса алмады. Ю.Путинцева жартылай финалға шығу үшін дүниежүзілік рейтингте 160-орында тұрған 21 жастағы ресейлік Анастасия Гасановамен сынға түседі. Ал дәл осы турнирде өнер көрсеткен Зарина Диас ширек финалға шыға алмады. Дүниежүзілік рейтингте 109-орында тұрған отандасымыз екінші айналымда әлемнің 86-ыншы, осы жарыстың 6-ракеткасы, швециялық Ребекка Петерсонмен кортқа шықты. Сағат жарымнан астам уақытқа созылған кездесу барысында швециялық теннисшінің басымдылығы айқын байқалды. Екі сетте де алға шыққан ол 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Р.Петерсон1 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Дияс болса 6 брейк-пойнттың екеуін ғана қанағат тұтты.

А.ЖОЛДАС