Санақ Қазақстанда тәуелсіз ел болғаннан бері үшінші рет өтіп жатыр.
Бір ерекшелігі – санақ дәстүрлі және онлайн форматта өткізілуде.
1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн режимде тәулігіне 24 сағат сауалнама толтыруға болады.
Сондай-ақ Egov платформасында электронды цифрлық қолтаңба және Aitu мобильді қосымшасы, sanaq.gov.kz сайты арқылы санақтан өтуге болады.