Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, полицейлер күдіктіні ұстады.
Тергеу кезінде 22 жастағы бойжеткен құрбысымен бірге бір күнге пәтер жалдағаны белгілі болды.
Ақшаға мұқтаж күдікті құрбысының өз шаруаларымен үйден шығып кеткен сәтті пайдаланған. Жалға алған пәтерден құны 200 мың теңге болатын теледидарды ұрлап кеткен. Оны ломбардқа өткізген.