Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
фото: almaty.tv
150
оқылды
«Қазгидромет» РМК 2-4 қазанға арналған райы болжамын жариялады.  Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады да, ол жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жаууына ықпал етеді. Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда нөсер жауын жауады. Сондай-ақ республика бойынша тұман, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта және шығыста – көктайғақ, солтүстік өңірлерде – боран болжанады. Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ғана солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалымен күн жауын-шашынсыз болады. Еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында түнде 1-8 жылы болады, солтүстікте 2 градусқа дейін үсік жүреді, күндіз 10-17, оңтүстікте 20 градус жылы болады. Солтүстік-батыста температураның негізгі бағыты: түнде 5 градус  аяз - 3 градус  жылы, күндіз 5-15 градус жылудан 0-8 градусқа дейін аздап төмендейді, өңірдің оңтүстігінде 12 градус жылы, солтүстікте және орталықта температураның негізгі фоны: түнде 5 градус аяз - 3 градус  жылы, күндіз 2-11 градус жылудан 0-8 градус жылуға дейін аздап төмендейді. Шығыста түнде 3 градус аяз - 5 градус жылу, күндіз 3-11-ден 7-15 градусқа дейін жылу көтеріледі. Оңтүстікте ауа температурасы түнде 0-8 градус, солтүстікте және таулы аудандарда 3 градусқа дейін, күндіз 12-20 градус жылу аралығында болады. Оңтүстік-шығыста ауа температурасы түнде 0-8 градус, солтүстікте және таулы аудандарда 3 градусқа дейін, күндіз 4-12-ден 7-15 градус аралығында көтеріледі.