Қазақстанда қанша адам миллион теңге жалақы алады?
Қазақстанда қанша адам миллион теңге жалақы алады?
Фото: Аzh.kz
666
оқылды

2021 жылдың сәуіріндегі дерек бойынша, Қазақстан азаматтарының жартысынан астамы 180 мың теңгеден төмен айлық жалақы алады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Әр бесінші қазақстандық айына 90 мың теңгеден төмен жалақы алады. Ал әр үшінші адам 90-180 мың теңге аралығындағы айлық алады. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, Қазақстандағы жалақы көлемі өскен сайын оны алатын адам саны да қысқара береді. Ел азаматтарының 2,6%-ының (75,4 мың адам) еңбек ақысы 450-540 мың теңге аралығында, ал 0,6%-ының (17,4 мың адам) айлық жалақысы 720-810 мың теңгеге дейін барады. Қызметкерлердің тек 1,2%-ы (шамамен 34,8 мың адам) 990 мыңнан астам теңге айлық табады. Ірі кәсіпорындардағы ең көп жалақы алатындар – жетекшілер мен мемлекеттік қызметкерлер. Олардың орташа жалақысы – 372,1 мың теңге. Екінші орында кәсіби мамандар тұр, орташа жалақысы – 258,7 мың теңге. Ең аз жалақы алатындар – әкімшілік саладағы қызметкерлер, орташа жалақысы – 168,5 мың теңге. Айта кетейік, деректер ірі кәсіпорындардың 2,9 млн жұмысшысының жалақысы негізінде анықталған. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын ұйымдар ескерілмеген.