«Облыстың 87 оқу орнында коронавирус инфекциясы тіркелгендіктен, 133 сыныптың оқушылары қашықтан оқытуға жіберілді», – дейді Айнагүл Мусина.Спикердің айтуынша, арнайы орта білім беретін оқу орындарында 65 дерек тіркеліп, оның ішінде 44 бала офлайн оқыса, 21-і онлайн оқығаны анықталған.
«Індетті ең көп жұқтыру оқиғалары Щучинск қаласында анықталды. Тек Щучинск жоғары техникалық колледжінде 11, Көкшетау қаласында 9 студент ауырғаны анықталды. Бұлардың барлығы оффлайн форматта оқыған. Жоғары оқу орындары арасында 12 факті, оның ішінде екеуі Шоқан Уәлиханов атындағы университетте тіркелді», – деп толықтырды бас санитар дәрігер.Оқушылар мен студенттер арасындағы ауру жұқтыру фактілері бойынша кешенді эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп, жақын байланыста болған тұлғалар қашықтан оқыту формасына ауыстырылған. Барлық жақын қатынаста болғандар карантинге жіберілді.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы