Юлия Путинцева Astana Open турнирінің финалына шықты
Юлия Путинцева Astana Open турнирінің финалына шықты
Қазақстанның екінші, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Astana Open WTA 250 турнирінің финалына шықты. Отандасымыз жартылай финалда Швеция өкілі Ребекка Петерсоны жеңді.
1 сағат 46 минутқа созылған кездесуде Юлия 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Финалда теннисшіміз әлемнің 89-шы, осы доданың екінші ракеткасы, бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен бас жүлдені сарапқа салады.