«Алматы-Бішкек» тас жолында төрт көлік соқтығысып, бір адам мерт болды.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиға 30 қыркүйек күні таңертең республикалық Алматы-Бішкек тас жолының 44-ші шақырымында болғанын айтты.
«Көлік апаты бүгін «Алматы-Бішкек» тас жолының 44-шақырымында болды. Алдын ала болжам бойынша, Нива-2121 көлігінің 47 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Foton көлігіне соғылған. Артынша барып бағанаға соғылып, қарсы бағытқа шығып, BMW-525 және Mitsubishi көліктеріне соқтығысқан. Оқиға орнында Нива көлігінің жүргізушісі мерт болды. БМВ көлігінің 22 жастағы және Mitsubishi көлігінің 44 жастағы жолаушы зардап шеккен», – делінген ведомствоның хабарламасында.