Жалған вакцинация паспортын жасау жалғасып жатыр
Жалған вакцинация паспортын жасау жалғасып жатыр
314
оқылды

Елімізде екпе салғызудағы көзбояушылықпен күрес ары қарай қарқын алды. Түркістан облысының полицейлері жалған вакцина құжатын жасады деген күдікпен 2 аурухана қызметкерін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт ауданы полициясы­ның кезекші бөліміне белгісіз азаматтан анонимді хат түсті. Онда Қазығұрт ауданында үш бірдей тұрғынның жалған вакцина құ­жатын жасатқаны туралы айтыл­ған. Хабар түсісімен полиция қыз­меткерлері тексеруге кіріседі. Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында қызметтік мүмкіндігін негізсіз пайдалану арқылы вакцинация паспорттарын қолдан жасаумен және өткізумен айналысқан Қазығұрт аудандық ауруханасының екі қызметкері әшкереленіп, екі әйел де полиция бөліміне жеткізілді. Қазір бұл жайт Қылмыстық кодекстің 385-бабы (Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аудан полицейлері анықтағандай, медицина қызметкерлері үш тұрғынға жалған құжат жасаған. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Түркістан облысының полицейлері тұрғын­дарға заңға қайшы келетін әре­кеттер үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Е.ЕРДЕНОВ