Нұр-Сұлтандағы "Астықжан" сауда орталығында жиһаз салоны өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2 қазан күні шамамен сағат 09:42-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері әл-Фараби даңғылы, 28 мекенжайы бойынша өрт туралы келіп түскен хабарламаға жоғары шақыру нөмірі бойынша шықты."Өрт сөндірушілер шақыру орнына 6 минуттан кейін келген соң, "Астықжан" сауда орталығында 3-қабатта жиһаз салоны жанып жатқаны анықталды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Бүгінде елордалық өрт сөндірушілер 76 адам құрамында және 19 бірлік техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Өрт сөндіру орнында өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды.